È

Әділхан Ержанов Еуропа киноакадемиясының мүшесі атанды

Әділхан Ержанов Еуропа киноакадемиясының мүшесі атанды

Қазақстандық режиссер Әділхан Ержанов Еуропа киноакадемиясына мүше болды. Кинематографшы аталмыш беделді ұйымға мүше болған Қазақстандағы алғашқы өкіл атанды.

Еуропа киноакадемиясының негізін швед режиссері Ингмар Бергман бүкіл Еуропадағы 40 киноқайраткерлермен бірге 1988 жылы қалаған болатын. Ұйымның басты мақсаты – бүкіл әлемдегі еуропа киномәдениетін дамыту және еуропалық киноөндіріс қызығушылығын қолдау. Сондай-ақ, ұйым жыл сайын үздік картиналар үшін жүлделер табыстайды. Бүгінде академия мүшелігінде 37 елден 2000-нан астам өкіл бар. Соның ішінде танымал режиссерлар, көптеген беделді киножүлделердің иегерлері - Паоло Тавиани, Ларс фон Триер және Педро Альмодовар бар.

Әділхан Ержанов өзін халықаралық қоғамға «Еуразия-2007» кинофестивалінде танытты, сол кезде оның «Бақытжамал» курстық жұмысы «Үздік режиссура үшін» жүлдеге ие болған еді. Оның алғашқы «Риэлтор» атты толықметражды таспасы түрлі халықаралық фестивальдерден жүлделі болып оралды. Алайда, Ержанов мұнымен тоқтап қалмай, «Құрылысшылар», «Қожайындар» және «Қаратас ауылындағы оба» секілді табысты картиналарын жарыққа шығарды. Оның кейінгі шыққан фильмдерінің бірі – «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» - 71-ші Канн кинофестивалінің «Ерекше көзқарас» бағдарламасына еніп, шетелдік сыншылардың жағымды пікірлерін иеленді.

Еске салсақ, сонымен қатар биылғы жылы Әділхан Ержанов «Түнгі құдай» атты жаңа фильмін ұсынды. Картинаның тұсаукесері 40-шы Мәскеу кинофестивалінде негізгі байқау аясында өтті.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

10 шілде 2018, 11:25

Поздравляю от души!

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер