È

Әйгерім Мергенбаева: «Мен рөлге егжей-тегжейлі дайындалдым, себебі «Сиситайды» бүкіл Қазақстан көреді ғой»

Әйгерім Мергенбаева: «Мен рөлге егжей-тегжейлі дайындалдым, себебі «Сиситайды» бүкіл Қазақстан көреді ғой»

2018 жылдың көктемінде экранға «Сиситай» отандық комедиялық мюзикл шығады. Кинотаспа Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА колледжінің студенті, жас актриса Әйгерім Мергенбаеваның дебюті болды. Әйгерім қандай қиындықтарды басынан өткергенін, рөл үшін қандай құрбандыққа барғанын «Бродвей» кинопорталына айтып берді.

«Сиситай» - әнші болуды армандаған ерекше Сиситай есімді бойжеткеннің хикаясы. Кейіпкер көптің бірі емес екенін дәлелдеу үшін шытырманға толы оқиғаларды басынан өткереді.

«Кейіпкерім – мінезі бар ерке қыз. Фильм сюжеті бойынша ол өзгереді, есейеді. Мюзикл өзіндік хикаясымен, кейіпкерлерімен көрермендерге ұнауы тиіс. Мені рөлге бірден бекіткен жоқ. Кастингке Ғалия Байбосынова шақырды. Бірнеше үміткерлердің қатарында болдым. Кейіпкер фильмде ән айтып, билейтін болғандықтан, дайындықты тамызда бастап кеттік. Мен рөлге егжей-тегжейлі дайындалдым, себебі «Сиситайды» бүкіл Қазақстанның көретінін түсіндім. Сонымен, қыркүйектің басында рөлдің маған бұйырғанын хабарлады», - дейді Әйгерім Мергенбаева.

«Сиситай» фильмінің түсірілімінен сурет

Әйгерім фильм түсірілімі үшін үйреншікті образын өзгертті. Актрисаның шашын қысқартып, көк-жасыл түске бояды.

«Кейіпкерімнің образы адуынды, бірегей болғандықтан, шашымның ұзындығынан айырылуыма тура келді. Шашым белден төмен келетін еді. Шынымды айтсам, қиғаныма еш өкінбеймін. Керісінше, қуанамын. Менің ойымша, маған осы шаш үлгісі жақсы жарасатын сияқты. Қызықты әрі ұмытылмастай көрінемін», - деп бөлісті жас актриса.

Еске салсақ, «Сиситай» мюзиклі - Баян Мақсатқызының (Есентаева) жаңа жобасы, оның өндірісіне отандық әрі шетелдік мамандар атсалысты. Картинаны режиссер Ернар Нұрғалиев және қоюшы-оператор Алехандро Чавес түсірді.

 

Суреттер Әйгерім Мергенбайдың Instagram-дағы жеке парақшасынан алынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер