«Айка» Қазақстанның атынан «Оскарға» ұсыныла алмайды

Режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» кинотаспасы Қазақстанның атынан «Оскарға» ұсыныла алмайды. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, Америкалық кинематографиялық өнер және ғылым академиясы ұлттық мазмұнның 50%-дан төмен болғаны үшін фильмді елдің атынан шығаруға рұқсат бермеді.
Картинадағы басты рөлдердің бірін қазақстандық Самал Еслямова сомдағанына және продюсерлердің бірі Гүлнар Сәрсенова болғаныны қарамастан, академия мүшелері өз шешімдерін өзгертпеді. Өйткені, «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясына қатысу үшін қойылатын негізгі талаптың бірі – сол елдің атынан ұсынылып отырған жұмыстың ең болмағанда жартысы ұлттық мазмұнға сай болуы тиіс.

«Айканың» режиссері Сергей Дворцевой Қазақстанда дүниеге келіп, ұзақ жылдар бойы осында тұрса да, қазір Ресейдің азаматы болып табылады.
Еске салсақ, мигранттардың өмірі жайлы драма өндірісіне Қытай, Ресей, Германия, Польша және Қазақстан елдері атсалысты. Фильмде Қырғыз Республикасынан шыққан эмигрант қыздың өмір тарихы баяндалады, ол Мәскеуде заңсыз жұмыс істеп, бала босанып, оны перзентханаға тастап кетеді. Уақыт өте келе әйел баласын қайтаруды ойлап, өмірдің қиындықтарына тап болады.
Айнұр Нұрманова
.jpg)







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін