Айнұр Ниязова «Ла-Ла Ленд» фильмінің саундтрегін қайта айтып шықты
Қазақстандық актриса Айнұр Ниязова жанкүйерлерін таң қалдырды. Әртіс өзінің Instagram парақшасына оскарлы «Ла-Ла Ленд» фильмінің саундтрегін орындап шыққан бейнежазбасын жариялады. Ниязова әйгілі «City of Stars» композициясын орындады.
«Мен өзіме ұнайтын әндердің кавер-нұсқасын жиі жазамын. Соның бірі - «City of Stars». Фильмді көріп шыққаннан кейін, бірден ән жазып, Instagram-ға жүктедім. Әлеуметтік желідегі оқырмандарымның көбі толық нұсқасын салуымды өтінді, сондықтан толық бейнежазба түсірдім»,-деп айтып берді актриса.
Айнұр Ниязова мюзикл түсіріліміне қатысқысы келетінін де мәлімдеді. Оның ойынша, нағыз әртіс – жақсы ойнайтын актер ғана емес, ән салып, би билейтін өнерлі жан.
Актрисаның кинодағы дебюті 2004 жылы «Жақ» фильмімен басталған еді. Одан кейін «Ғаламтордағы махаббат», «Ликвидатор» картиналарына, «Жаным 2», «Зәуре» хикаяларына түскен. Отандасымыз актерлік саламен қатар, сценарий жазып, қысқаметражды фильмдер түсірумен айналысады. Қазіргі таңда Айнұр Мәскеуде тұрады, сол жақта жұмыс істейді. Оның басқа елге көшуі туралы мына жерден оқи аласыздар.
Суреттер Айнұр Ниязованың жеке Instagram парақшасынан алынды
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін