È

Айжан Байзақова: «Мен барлық жамандықты тез ұмытып кетемін»

Айжан Байзақова: «Мен барлық жамандықты тез ұмытып кетемін»

Атышулы актриса және блогер Айжан Байзақова өзіне деген негативті қарым-қатынасқа қарамастан, өзін жәбірлеушілерді тез кешіретінін айтты. Бұл туралы бойжеткен Telegram-да баяндады.

«Ең көп қойылатын сұрақтар: өзіңді қалай дамытасың?» Сен мұндай негативпен қалай өмір сүресің? Бұл менің мінезімнің ерекшелігі: мен барлық жаман нәрсені тез ұмытып кетемін, өте тез! Егер маған біреу жамандық жасап, сатып кетсе, мен, ештеңе болмағандай келесі күні ол адамды құшақтай салуым мүмкін. Яғни, мен іштей бәрін тез босатамын» (Пунктуация және орфография өзгертілген. –Ред. алқ.), - деп жазды Байзақова.

Сондай-ақ, актриса өзін шабыттандырудың оңай екенін айтты. Айжанның сөзінше, қарапайым нәрселер мен айналасындағы адамдар оған жақсы көңіл-күй сыйлауы мүмкін.

«Мені музыка, кино, адамдар мен балалар шабыттандырады. Мұның барлығы болмаса, мен өзімнің түбіме жетемін. Демек, ешқашан!» (Пунктуация және орфография өзгертілген. –Ред.алқ.), -деп қоса кетті бойжеткен.

Айта кетейік, жақында ғана Айжан Байзақова «Ессіз әйелдің күнделігі» толықметражды комедиясына түскен болатын. Фильм алдағы күзде айналымға шығады деп күтілуде.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

16 мамыр 2018, 23:11

Лучше это потом увидеть.

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер