È

Нұрлан Батыров: «Біз «Адуынды әйелдің күнделігін» әлемдегі алғашқы бір жарым сағаттық вайн деп атаймыз»

Нұрлан Батыров: «Біз «Адуынды әйелдің күнделігін» әлемдегі алғашқы бір жарым сағаттық вайн деп атаймыз»

Алдағы күзде экранға «Адуынды әйелдің күнделігі» комедиясы шығады. Фильм халықтың сүйікті кейіпкеріне айналған Адуынды әйелдің барлық құпияларын жайып салмақ. Толықметражды таспаны түсіру идеясы вайнер Нұрлан Батыровқа тиесілі. Ол бұл ойды жүзеге асыруға 2 жыл уақыт жұмсаған.

«Адуынды әйел жайлы кино түсіру идеясы 2 жыл бұрын туындаған. Маған ерекше сценарий қажет болды. Бірақ, осы уақытқа дейін жазғандардың хикаялары қарапайым болатын. Сюжеттен Адуынды әйелді алып тастап, басқа кейіпкерді қойсақ та, оқиға өзгермейтін еді. Ал маған Адуынды әйелді ауыстыра алмайтындай айрықша синопсис қажет болды. Сондықтан, сценарий жазуға Кәрім Қадырбаевты шақырдым. Сценарий жазуға жарты жыл уақыт кетті. Тағы жарты жыл инвестиция іздедік», - деді Нұрлан Батыров.

Батыровтың ұсынысына продюсер Алмагүл Тілеуханова жауап берді. Биылғы жылдың ақпан айында оның Alma pictures компаниясы және Batyroff production түсірілімге кірісті. Картина режиссері үлкен кинодағы дебютант Еділ Амандықов болды, ал қоюшы-операторы - Айдар Оспанов. Топ түсірілім жұмыстарын 19 сәуірде аяқтады.

«Ең алдымен фильмге Адуынды әйелдің жанкүйерлері барады. Екіншіден, бір минуттық вайннан қалайша толық фильмнің түсірілгеніне қызығушылық танытқандар келеді. Өзіміз қалжыңдап, «Адуынды әйелдің күнделігін» әлемдегі алғашқы бір жарым сағаттық вайн деп атаймыз. Жалпы, көрермендерді көңілді оқиға күтуде», - деді Батыров.

Фильмге танымал блогерлер Айжан Байзақова мен Біржан Әшім, актерлар Ерден Телемісов, Шәріп Серік, Динара Бақтыбаева және Ирина Ажмұхамедова түсті.

 

Превью: Илья Ким @allkick

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер