È

Ақан Сатаев: «Киноөндіріс – бұл пайда әкелуі тиіс кәсіп»

Ақан Сатаев: «Киноөндіріс – бұл пайда әкелуі тиіс кәсіп»

Режиссер Ақан Сатаев «Кәсіпкерлер» фильмінің тұсауын кесті. Картина Astana Film Fund қолдауымен түсірілді.

Картина сюжеті 90 жылдары Кеңес одағы ыдыраған кезде өрбиді. Үш дос - Әнуар, Асқар мен Дамир саудамен айналысып, кәсіпкер болуды ұйғарады. Тағдыр тәлкегімен жас жігіттер қомақты қаражатты қуып, беріктік пен табандылыққа сыналады. Басты кейіпкерлер ашкөздікке ұрынбай, адами құндылықтарды сақтай ала ма екен?

Таспаға Асқар Ілиясов, Шәріп Серік және Расым Жұбаев түсті. Ал негізгі әйел рөлі Айсұлу Әзімбаеваға бұйырды.

Фильм Алматыда 35 күн бойы түсірілген. Түсірілім тобына кәсіпкерлер Нұрлан Смағұлов, Арманжан Байтасов, Ғафур Ихсан кеңесші болды.

«Ең біріншіден, фильмнің тоқсаныншы жылғы ұрпақтарға өте қызықты болатынын түсіндік. Сонымен қатар, бұл таспаға жастар да қызықса екен дедік. Біз жастарға олардың әкелері мен ағаларының қалай кәсіпті бастағандарын көрсетіп, жігер беруді жөн санадық. Кәсіпкер ретінде мен үшін жобадағы жұмыс керемет тәжірибе болды», - деді продюсер Эрнар Құрмашев.

Фильм бюджеті 500 миллион теңгені құрады.

Режиссер Ақан Сатаев та өзінің кәсіппен айналысып жүргенін айта кетті:

«Кино – бұл мен және әріптестерім дамытқымыз келетін тауаша. Қазір біз сенімсіз алғашқы қадам жасап жатырмыз. Киноөндіріс – бұл пайда әкелуі тиіс кәсіп».

«Кәсіпкерлер» отандық айналымға 1 қарашада шығады.

 

Көрсетілім уақытын кинотеатрлар афишасынан таңдауға болады.

 

Превью: hommes.kz/ Ақан Сатаев «Кәсіпкерлер» фильмінің кеңесшілерімен

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер