È

Ақан Сатаев «Елбасы жолы. Астана» фильмінің кадрларын көрсетті

Ақан Сатаев «Елбасы жолы. Астана» фильмінің кадрларын көрсетті

Режиссер әрі продюсер Ақан Сатаев «Елбасы жолы. Астана» көркем фильмінің түсірілімін аяқтап қалды. Бұл туралы қоюшы Инстаграмдағы жеке парақшасы арқылы хабарлап, бір жағынан болашақ таспаның көріністерін жариялады.

«Достар, біз жақында «Елбасы жолы. Астана» фильмінің түсірілімін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Кеше Астанада алғашқы түсірілім күннен бастап, бүгінге дейін бізбен бірге еңбек еткен басты кейіпкерлерімізбен, Англиядан келген әрлеушілер мен көптеген мамандарымызбен соңғы түсірілім күнін өткіздік. Негізі, түсірілім соңына таяп қалғанда, қуанышпен қатар, көңілдің түскені де байқалады... өйткені киноны айлап, күн сайын, суық пен ыстықта бірге түсірген адамдармен қоштасу сәті келеді, қимастық сезімі орнайды, себебі сен олармен бір түсірілім алаңында тұрып, еңбек еттің, өмір сүрдің. Тағы да Үлкен жобамызға атсалысқан адамдарға шынайы Алғысымды білдіргім келеді, келесі түсірілім алаңында қайта қауышқанша», - деп жазды Ақан Сатаев.

 

«Елбасы жолы. Астана» фильмі – Нұрсұлтан Назарбаев жайлы фильмдер топтамасының алтыншы бөлімі. Таспадағы оқиға 90-жылдардың ортасында, жас Астананың салыну кезеңінде өрбиді.

Жаңа картинада мемлекет басшысын Мұрат Ахманов сомдайды. Актердің сырт келбетімен тобымен бірге Оскар иегері, Англиядан келген әрлеуші Марк Кульер жұмыс істеді.

Еске салсақ, фильм түсірілімі 2017 жылдың желтоқсанында Алматыда басталған болатын, ал қаңтар айында түсірілім тобы Астанаға ауысты.

 

Превью: Ақан Сатаевтың жеке Instagram парақшасынан

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса