È

Ақан Сатаев «Томирис» фильмінде басты рөлді сомдайтын актрисаны таныстырды

Ақан Сатаев «Томирис» фильмінде басты рөлді сомдайтын актрисаны таныстырды

Ақан Сатаев «Томирис» фильмінде басты рөлді сомдайтын актрисаның есімін жариялады. Картинада сақ патшайымын Альмира Тұрсын сомдайды, ол бұрын киноға түсіп көрмеген. Бұл туралы режиссер өзінің Instagram парақшасы арқылы хабарлады.

«Достар, ерекше қуанышпен «Томирис» тарихи фильміміздің басты кейіпкерін назарларыңызға ұсынамыз:

Альмира Тұрсын. 1990 ж. дүниеге келген психолог-коуч. 27 наурыз күні кастинг-директорымыз Жайна Әбдиева оған Инстаграмм арқылы хабарлама жазған. 12 мамыр күні Альмира Астана қаласында өткен жалпы қазақстандық кастинг кезінде іріктеу бейнесынамасына – кастингтің 1-турына келген болатын. Қыркүйекте ойнамалы режиссерлік бейнесынама – 2-тур өтті. Қорытынды бойынша, іріктеуден өткен үміткерлер атпен жүру және сахналық шайқас оқу курсын өту мақсатында Nomad Stunts жаттығу лагеріне жіберілді. Қазан-қараша айларында жаттығу залында даййындалды – бұл 3-тур», - деді Ақан Сатаев.

Соңғы шешім Альмираның пайдасына желтоқсанда қабылданды. Бойжеткенді фильмнің бас продюсері Әлия Назарбаева мен Сатаев бірауыздан таңдады.

«Томирис» тарихи фильмінің түсірілімі жақын арада басталады.

 

Суреттер Ақан Сатаевтың жеке Instagram парақшасынан алынды

 

3 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

17 февраля 2018, 01:52

Да выбор очень неординарный. Думаю не только я в шоке и в раздумий. Что не стали актрисы отечественного класса. А новая класса идея. Хотя, в целом я не вижу здесь, такого эйфории. Теперь ждём фильм. Ну впрочем сейчас у меня нет слов, что и сказать. После просмотров я думаю тоже не улевлюсь. А актрису. Это надо увидеть в роли, что из этого выйдет.

Асель Амангелдина

23 февраля 2018, 01:56

Хочу быть актрисой!

Асель Амангелдина

23 февраля 2018, 01:56

Это возможно?

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист