È

Ақан Сатаев «Кәсіпкерлер» фильмінің трейлерін жарыққа шығарды

Ақан Сатаев «Кәсіпкерлер» фильмінің трейлерін жарыққа шығарды

Режиссер Ақан Сатаев күзде отандастарымызға өзінің «Кәсіпкерлер» фильмін ұсынады. Картина 1 қарашадан бастап еліміздің кинотеатрларынан көрсетіледі. Желіге ресми трейлері шықты.

Фильм сюжеті мемлекет экономикалық дағдарысты өткерген 90-жылдарда өрбиді. Мұндай қиын кезеңде Әнуар достарымен бірге әр түрлі жол табуға тырысады. Жігіттер пайда табуды ойлап, КСРО құлағаннан кейін коммерциялық қызметті бастаған алғашқы кәсіпкерлер болады. Көрермендерді достық пен сатқындық, махаббат пен айырылысу және өмірдің шынайы құндылықтары жайлы хикая күтеді.

Кинотаспадағы басты кейіпкерлерді Асқар Ілиясов, Шәріп Серік, Расым Жұбаев және Айсұлу Әзімбаева сомдады.

Фильммен нағыз кәсіби мамандар: қоюшы-оператор Хасанбек Қыдырәлиев, қоюшы-суретші Сергей Доттер, композитор Әлім Заиров айналысты. Картина Тимур Жақсылықовтың сценарийі бойынша түсірілді.

Картина 2017 жылдың жазында Алматыда түсірілді. Таспа Sataifilm-мен бірге Astana film fund компаниясымен өндірілді.

«Кәсіпкерлер» фильмінің постерін мына жерден көруге болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса