È

Ақан Сатаев «Кәсіпкерлер» фильмінің постерін ұсынды

Ақан Сатаев «Кәсіпкерлер» фильмінің постерін ұсынды

Режиссер Ақан Сатаев жаңа «Кәсіпкерлер» фильмінің постерін ұсынды. Драма жанрында түсірілген картина экранға осы жылдың күзінде шығады.

Фильмдегі оқиға 90-шы жылдардың айналасында өрбиді. Мемлекет экономикалық дағдарысты бастан кешеді. Үш жолдас өздерінің өмірлерін жақсарту мақсатында «кәсіп» ашуды ойластырады. Дегенмен, кәсіп - бұл тәуекелге бел буу және жас кәсіпкерлер табысқа жету үшін көп нәрсені құрбан етеді.

Картинадағы рөлдерді Ақан Сатаев Асқар Ильясовқа («Жаттықтырушы»), Шәріп Серікке («Аудандар»), Расым Жұбаевқа («Анаға апарар жол»), Айсұлу Әзімбаеваға («Ол») және Санжар Мәдиге («Әміре») сеніп тапсырған.

«Кәсіпкерлер» фильмінің түсірілімі Алматыда өтті. Фильмді 2017 жылдың маусымынан бастап тамыз айына дейін түсірді. Драманың өндірісімен Ақан Сатаевпен бірлесе отырып, «Аудандар» және «Ол» фильмін шығарған Astana film fund компаниясы айналысты.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер