È

Ақан Сатаев «Кәсіпкерлер» фильмінің түсірілімін аяқтады

Ақан Сатаев «Кәсіпкерлер» фильмінің түсірілімін аяқтады. Қазақстан киносы

Ақан Сатаевтың «Кәсіпкерлер» фильмінің түсірілімі аяқталды. Картина Алматыда 29 маусым мен 15 тамыз аралығында түсірілді. Кинотаспаның қоюшы-операторы Хасанбек Қыдырәлиев болды.

«Кәсіпкерлер» таспасындағы оқиға 90-жылдары болған. Төрт дос елдегі қиын уақыт – қайта құру кезеңінде өмірлерін жақсартуға тырысады. Фильм кейіпкерлері - Қазақстандағы нарықтық кезеңіндегі алғашқылардың бірі.

Драмадағы басты рөл Борис Щукин атындағы Мәскеу театр институтының студенті Асқар Ілиясовқа сеніп тапсырылды. Актер үшін «Кәсіпкерлер» таспасы алғашқы қазақстандық жоба болды. Ол бұрын «Джуна», «Соңғы кезең», «Алтын Орда» және «Жаттықтырушы» секілді ресейлік жобаларға түскен.

«Кәсіпкерлер» фильмінің түсірілімінен көріністер

Отандық киноның түсіріліміне Санжар Мәди, Шәріп Серік және Расым Жұбаев қатысты. Басты әйел рөлін Айсұлу Әзімбаева сомдады.

Айта кету керек, көркем фильмнің өндірісімен «Astana film fund» компаниясы айналысты. «Кәсіпкерлер» фильмі оның үшінші жобасы болды. Бұрын компанияның қатысуымен «Аудандар» мен «Бойжеткен» триллері түсірілген.

Көрермендердің Ақан Сатаевтың жаңа жұмысын қашан бағалай алатыны әзірге белгісіз.

 

Суреттер Astana film fund-тың Instagram-дағы ресми парақшасынана алынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Алексей Пантелеев

Актер

Асылхан Төлепов

Актер