È

Astana film fund «Бизнесмены» фильмін түсіреді

Astana film fund «Бизнесмены» фильмін түсіреді

Astana film fund жаңа жобасы туралы компания жетекшілерінің бірі Эрнар Құрмашев «Снять за 48 часов» қысқаметражды кино байқауының марапаттау салтанаты кезінде жариялады.

Уақытша атауы «Бизнесмены» деп аталатын картина өткен жылдың күзінде экранға шыққан «Районы» жобасының жалғасы іспеттес.

«Бизнесмены» жобасы жайлы алғаш рет режиссер Ақан Сатаев Forbes club-тың кезекті отырысында айтқан болатын.

Фото: Forbes.kz

«2017 жылы қор екі ірі жоба шығарады. Алғашқысы - «Научи меня жить» (бұл фильм ресейлік нарық үшін түсіріледі). Екінші жобаның уақытша атауы «Бизнесмены» - бұл қазақстанда алғаш рет бизнес қалыптаса бастаған кезең жайлы. шамамен «Рэкетир» секілді, бірақ бизнесмендер жайлы», - дейді режиссер.

Ақан Сатаев пен Astana film fund компаниясының жаңа жобасының сюжеті, түсірілетін уақыты және экранға шығатын уақыты туралы әзірге белгісіз. Дегенмен Эрнар Құрмашев «Снять за 48 часов» байқауының жеңімпазы Ернар Алмабековты («Аманат» қысқаметражды фильмінің авторы) түсірілімге қатысуға шақырды.

 

Кәрім Қадырбаев

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер