È

Расым Жұбаев: «Кәсіпкерлер» фильмі – менің кинодағы алғашқы үлкен рөлім»

Расым Жұбаев: «Кәсіпкерлер» фильмі – менің кинодағы алғашқы үлкен рөлім». Қазақстан киносы

Алматыда Ақан Сатаевтың «Кәсіпкерлер» атты жаңа туындысының түсірілімі өтіп жатыр. Кинотаспадағы басты рөлдердің бірін жас актер Расым Жұбаев сомдайды. Бұрын ол режиссердің «Анаға апарар жол» және «Аудандар» атты жобаларына түскен болатын.

«Кәсіпкерлер» фильмі – менің кинодағы алғашқы үлкен рөлім. Картинада өзімшіл, тәкаппар, бірақ өте ақылды образды сомдаймын. Кейіпкер бай әрі беделді болу үшін қолынан келгеннің барлығын жасайды. Бұрын мен режиссердің жұмыстарына түскен едім, бірақ олар эпизодтық рөлдер болатын. Негізі, Ақан Сатаев менің кинодағы жолымды ашып берді»,-деп бөлісті актер.

Басты рөлдерді сомдаушылар: Расым Жұбаев, Асқар Ілиясов және Шәріп Серік.

«Кәсіпкерлер» фильміндегі оқиға 90 жылдары болған. Расымның кейіпкерінің есімі Дамир, ол достарымен бірге қайта құру кезеңінде жеке кәсіп ашпақ болады.

Кинотаспадағы басты рөлдерді Расым Жұбаевтан бөлек, Асқар Ілиясов, Шәріп Серік, Айсұлу Әзімбаева және Санжар Мәди сомдайды. Фильм өндірісімен Astana film fund айналысуда

 

Суреттер Astana film fund-тың Instagram-дағы ресми парақшасынан алынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер