È

Ақан Сатаев «Кәсіпкерлер» фильмінің түсіріліміне кірісті

Ақан Сатаев «Кәсіпкерлер» фильмінің түсіріліміне кірісті. Қазақстан киносы

Ақан Сатаев Astana film fund-пен бірігіп «Кәсіпкерлер» фильмінің түсірілімін бастады. Картина драма жанрында түсіріліп жатыр және қайта құру кезеңінде кәсіпті бастаған үш достың хикаясын баяндайды. 90-жылдары Қазақстанда болған өзгерістер кезінде азаматтар өз өмірлерін орнықтыруға тырысады.

Басты әйел рөлін Айсұлу Әзімбаева сомдайды. Актриса Ақан Сатаевпен бірінші рет жұмыс істеп отырған жоқ. Ол алдыңғы жолы режиссердің «Она» психологиялық триллеріне түскен. Сонымен қатар, еліміздің алдыңғы қатарлы режиссерімен Шәріп Серік те алғаш рет жұмыс істеп жатқан жоқ. Актер былтырғы жылы «Аудандар» фильміне түскен болатын. Сондай-ақ, таспаға Санжар Мәди түсіп жатыр. Ал Санжар Сатаевтың жобасына бірінші мәрте түсуде.

Актерлардың қандай кейіпкерлерді сомдайтыны әзірге құпия сақталуда.

Сурет Санжар Мәдидің жеке Instagram парақшасынан алынды

«Sataifilm» және «Astana film fund» киностудиялары үшін «Кәсіпкерлер» фильмі екінші ортақ жоба. Алғашқысы – өткен жылдың қараша айында жарыққа шыққан «Аудандар» фильмі.

70-Канн кинофестивалінің Қазақстан павильонында «Кәсіпкерлер» картинасы шетелдік инвесторларға және продюсерлерге таныстырылған болатын.

 

Превью: lofficiel.kz

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Болат Кисамбаев

1 тамыз 2017, 12:58

Акан Сатаев поражает своей плодовитостью в последние года. Дорога к матери, Районы, Хакер за 2015

Болат Кисамбаев

1 тамыз 2017, 12:59

ой 16, сейчас занят параллельно надл 3 проектами - Она, байэпик о Президенте, исторический эпос Томирис, теперь еще и Бизнесмэны

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер