Astana film fund өз жобаларын Каннда таныстырды
«Astana film fund» компаниясы өз жобаларын Халықаралық Канн кинофестивалінде таныстырды. Шетелдік инвесторлар мен көрермендердің отандық кинематографиямен танысуы Le Village International аумағында орналасқан Қазақстан павильонында өтті.
Шетел халқына режиссер Ақан Сатаевтың «Районы» және «Она» атты екі картинасы ұсынылды. Astana film fund-тың алғашқы жобасы өткен жылдың қараша айында жарыққа шыққан «Районы» фильмі болды. Фильмді ресейлік көрермендер тамашалап үлгерді. Ал 25-мамырдан бастап «Районы» картинасы Қырғызстан кинотеатрларына жол тартады. Екінші толықметражды таспа – биыл күзде жарық көретін «Она» психологиялық триллері. Фильмдер жайында келген қонақтарға продюсер Ернар Құрмашев толығырақ айтып берді.
Ернар Кұрмашев
Сондай-ақ, таныстыру рәсімі барысында Astana film fund-тың «Кәсіпкерлер» («Бизнесмены») және «11-ықшам ауданындағы атыс» («Стрельба в 11-м микрорайоне») алдағы уақытта жарыққа шығатын жобалары туралы да айтылды. «Кәсіпкерлер» фильмі қайта құру кезеңінен кейін өз өмірлерін орнықтыруға тырысқан достар туралы баяндайды. Ал «11-ықшам ауданындағы атыс» картинасының сюжеті әзірге құпия ұсталуда. Екі туынды да драма жанрында түсірілмек.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін