È

Ақбота-Нұр Сейтмағамбет «Жалғыз жауқазын» хикаясына түсіп жатыр

Ақбота-Нұр Сейтмағамбет «Жалғыз жауқазын» хикаясына түсіп жатыр

Ақбота-Нұр Сейтмағамбет отандық режиссерлардың арасында танымал болуда. Актриса «Хабар» телеарнасының тапсырысы бойынша түсіріліп жатқан «Жалғыз жауқазын» хикаясында басты рөлге ие болды.

Мелодрама сюжетінде ауқатты отбасынан шыққан Айсұлу есімді бойжеткен баяндалады. Ол ата-анасы қайтыс болған соң, мұра ретінде бар байлыққа ие болып қалады да, сонысымен Арсеннің назарын аудартады. Жігіт Айсұлуға жақсы қарап, үйленуге ұсыныс та жасайды. Махаббаттан басы айналған бойжеткен болашақ күйеуінің әкесі мен анасының өліміне қатысы бар екенін сезбеген-ді. Шындық тура үйлену тойлары кезінде белгілі болады. Қылмыскерден жасырынып, бойжеткен ауылға кетіп қалады. Сол жақта ойын жинақтап, тыныш өмір сүруге тырысады.

Қоюшы-режиссер Төребек Бейсебаевтің айтуынша, түсірілімге дайындық үш айға созылған. Әсіресе, авторлар басты рөлді сомдайтын қызды ұзақ іздеген. 50 үміткердің ішінен «Гламур для дур» фильмі арқылы кеңінен танылған актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет таңдалды.

«Жалғыз жауқазын» хикаясының түсірілімі Алматыда өтуде. Фильмге Ақбота-Нұр Сейтмағамбетпен бірге күйеуі Дәурен Айдарқұлов, Ақберген Жұмабаев және Жібек Рахатова түсіп жатыр. Сонымен қатар, мелодрама түсіріліміне екінші режиссер Жанар Бекбергенова, қоюшы-оператор Дастан Молдабеков және атқарушы продюсер Дана Жинақбаева атсалысуда. Жобаның бас продюсері – Ақылбек Досжан.

Авторлар екі маусымын жарыққа шығаруды жоспарлап отыр. 12 бөлімнен тұратын біріншісі күзде «Хабар» телеарнасының эфирінен көрсетіледі.

Еске салсақ, Ақбота-Нұр Сейтмағамбет алдыңғы жолдары «Тақиясыз періште» ситкомына және «Қалай да той жасау» комедиясына түскен болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер