È

Kinopark Multiplex Cinemas акциясы аяқталды

Акция от Kinopark Multiplex Cinemas завершена

 

Өткен демалыс күндері Kinopark 11 IMAХ Esentai кинотеатрында«Кинопарк Drive» акциясының қорытынды шарасында жүздеген сыйлықтар, киноға лимитсиз билеттер, «Jeep Compass» көлігі ойнатылды.

Акцияның қатысушыларына арнап ғажап шоу-бағдарлама ұйымдастырылды. Кештің жүргізушілері Тәуекел Мүслім мен Бауыржан Сатов, ал арнайы жасалған сахнада «Magical Band», «Френды», Луина, Артур Толепов сынды жұлдыздар және арнайы шақырылған қонақтар Rish D мен Алексей Воробьев өнер көрсетті.

Ірі акция 22 наурызда басталып, 31 мамырда аяқталды. Екі ай бойы Кинопаркке келушілер «Super-комбо» (попкорн мен сусын) сатып алып, арнайы купонды толтыру керек болатын. Астанадан, Алматыдан, Ақтөбе мен Шымкенттен ондаған мың купон лототронға салынды.

Естеріңізге сала кетейік, акцияның бас демеушісі Астаны Банкі, ақпараттық серіктестер: «L'Officiel Hommes Kazakhstan» және «Автомобили Казахстан» журналы.

 

Әйгерім Қасқыр

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер