Отандық «Света» фильмінің актрисасы «Шығыс – Батыс. Алтын қақпа» жүлдесіне үміткер
Отандық «Света» фильмінің актрисасы Лаура Королёва «Шығыс – Батыс. Алтын қақпа» халықаралық киножүлдесінің үміткері атанды. Отандасымыз «Үздік актриса» бөліміне ұсынылған.
«Света» кинотаспасы – Света есімді әйел жайлы баяндайтын режиссер Жанна Исабаеваның жұмысы. Құлағында ақауы бар кейіпкер фабрикада жұмыс істеуге мәжбүр. Ол қиын жағдайға тап болып, бұрыс әрекеттерге барады.
Жанна Исабаева, Лаура Королева және Роман Лысцов
«Шығыс – Батыс. Алтын қақпа» киножүлдесі – алғаш рет өткізіліп отыр және Азия мен Шығыс Еуропа елдерінің үздік жұмыстарын іріктейді. Ұйымдастырушысы - режиссер әрі сценарист Рустам Ибрагимбеков («Күннен қалжырағандар»). Жүлдеге үміткер ретінде Болгария, Венгрия, Қазақстан, Польша, Ресей, Түркия, Украина, Чехия және басқа да елдерден 34 картина ұсынылған.
Жүлде лауреаттарын салтанатты түрде марапаттау 14 сәуір күні Мәскеуде болады.
Еске салсақ, «Светаның» әлемдік көрсетілімі 2017 жылы Tokyo International Film Festival-де болған еді.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін