È

Әлихан Ыдырысова: «Әр адам өз елінде дамып, өсуі тиіс»

Әлихан Ыдырысова: «Әр адам өз елінде дамып, өсуі тиіс»

Алматыда Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында «Шашу» көпбөлімді картинасының тұсаукесерлі көрсетілімі өтті.

Ернат Байұзақ режиссерлік еткен хикая АҚШ-та тұратын қазақ отбасы жайлы баяндайды. Арман, Аида және ұлдары Алан Науат апайдың шақыртуымен Қазақстанға келеді, оларды күтпеген жағдайларға толы жаңа өмір күтеді. Туыстары келушілерді отанында қалдыруды ұйғарады. Олардың жоспарлары орындала ма?

Арман рөлін жас актер Әли Марат, оның жарын Мақпал Қасенова сомдады. Отанасы Науат апайдың рөліне Әлихан Ыдырысова таңдалды.

«Мен бұл жобаға кастинг арқылы келдім. Мені үнемі драмалық рөлдерге шақырады, бұл жолы өзімді комедиялық образда сынап көрдім. Хикая расында да қазақ мәдениетін сипаттайды», - деді Арманның әпкесін сомдаған Гүлшат Тұтова.

Мақпал Қасенова үшін «Шашу» телеэкрандағы дебют болды. Актрисаның айтуынша, ол өзіне бұл рөлдің бұйыратынын күтпеген еді.

«Түсірілім кестесінде қиындықтар болды. Біз үш ай бойы таңғы төрттен кешкі тоғызға дейін жұмыс істеп жүрдік. Дегенмен, шығармашылық тұрғыда барлығы өте қызықты болды», - деп қоса кетті Мақпал.

Ал Әлихан Ыдырысова шетелге көшіп барған қазақстандықтар жайлы не ойлайтыны туралы сұраққа былай деп жауап берді:

«Мен бұл идеяны қолдаймын немесе қолдамаймын деп айта алмаймын, бірақ әр адам өз елінде дамып, өсуі тиіс деп ойлаймын».

Хикаямен Толқын Садықова басшылығымен «5 студия TV Productіon» компаниясы айналысты. Идея авторы және сценаристі Жәмит Көшербаев болды.

«Шашу» «Хабар» телеарнасынан 26 қарашадан бастап жұмыс күндері Астана уақытымен сағат 18:45-те көрсетіледі.

 

 

Превью: «Хабар»

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер