È

Әлішер Сүлейменов «Шатырдағы бұлт» атты ересектерге арналған «ертегі» түсірді

Әлішер Сүлейменов «Шатырдағы бұлт» атты ересектерге арналған «ертегі» түсірді. Қазақстан киносы

Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет драма мен комедия элементтерінен құралған ересектерге арналған «ертегіні» режиссер әрі сценарий авторы Әлішер Сүлейменов түсіріп жатыр. Жобаның продюсерлері - Ариэль Әсенова және Тимур Балбаев.

Режиссердің айтуынша, сюжеті түрлі келеңсіз жағдайларға тап болатын жас жігіт туралы баяндайды. Кейіпкер өткенге шолу жасап, өмірде болып жатқан жағдайдардың өзіне ғана байланысты емес екендігін түсінеді. Жағдайды өзін өзгерту арқылы ғана түзейді.

«Негізгі мағынасы - өмірде барлығы тегіс емес, дегенмен бар жағдайды қолымыздан келгенше өзгертуге болады. «Шатырдағы бұлт» - бұл көрермендік кино. Көрермен осы киноны көру арқылы, өзіне бір жаңалық ашса екен дейміз»,-дейді режиссер.

Сурет «Шатырдағы бұлт» фильмінің ресми Instagram парақшасынан алынды

Картина қаланың тым жылдам өміріне бейімделген, 16-45 жас аралығындағы көрермендерге бағытталған. Фильмде көптеген графикалар, арнайы эффектілер мен музыкалар пайдаланылған. Сүлейменов кинотаспадағы кейбір заттардың ұшып, түрлі құбылыстарды бейнелейтінін айтып берді.

Еске сала кетсек, «Шатырдағы бұлт» фильмінің түсірілімі шілде айының басында аяқталған болатын.

 

Әсел Базарбаева

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса