È

«Шатырдағы бұлт» қалалық фэнтези фильмнің түсірілімі аяқталды

«Шатырдағы бұлт» қалалық фэнтези фильмнің түсірілімі аяқталды. Қазақстан киносы

Алматыда «Шатырдағы бұлт» фильмінің түсірілімі аяқталды. Картина қалалық фэнтези жанрында түсірілген. Сценарийін режиссер Алишер Сүлейменов жазды. Жобаның бас продюсері - Ариэль Әсенова.

«Шатырдағы бұлт» фильміндегі хикая заманауи мегаполисте өтеді. Басты кейіпкер - брокер Тимур. Соңғы уақытта жігіттің жолы болмай жүреді, жұмысында да, отбасында да сәтсіздіктер болып жатады. Бірақ, бір ғана жағдай кейіпкер өмірін түбегейлі өзгертуі мүмкін.

Тимур рөлін режиссер әрі актер Диас Әзімжан сомдады. Көрермен аталмыш фильмнен Камилла Нұғыманова, Қазына Әбдірахман, Вахида Изимова, Мадина мен Медина Тәліпбек сынды актерларды ерекше образда көретін болады.

«Шатырдағы бұлт» фильмінің түсірілімінен сурет

Суреттер «Шатырдағы бұлт» фильмінің Instagram-дағы ресми парақшасынан алынды

 

«Шатырдағы бұлт» картинасының түсірілімі 1 маусым күні Алматыда басталған еді. Фильмге қоюшы-оператор Ескендір Нарымбетов, қоюшы-суретші Ринат Шашубаев және костюм бойынша суретші Әсел Ұлжабаева атсалысты.

Авторлардың айтуынша, таспада компьютерлік графика қолданылады, онымен қазір «Spirit Group» атты жас компания айналысуда. Фильм өндірісімен «Bayterek Film» продюсерлік орталығы мен «Қазақфильм» киностудиясының қатысуымен «A'star Film» кинокомпаниясы айналысуда.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер