È

Алматылықтарға «Завтра море» фильмі тағы да көрсетіледі

Алматылықтарға Катерина Суворованың «Завтра море» фильмі тағы да көрсетіледі. Қазақстан киносы

26 қаңтарда Сорбонна-Қазақстан Институтының қабырғасында Катерина Суворованың «Завтра море» Демонстрацидеректі фильмінің көрсетілімі өтеді. Картинаның таныстырылымы «Бүкіләлемдік идеялар түні» аясында өтеді. Кинолентаны режиссер Urban Talks қоғам қайраткерлері тобы таныстырады.

«Завтра море» -толықмметражды деректі фильм, онда Аралдағы апаттан кейінгі жергілікті халықтың тұрмысы жайлы баяндалады. Сюжетте төрт оқиға қамтылған: бағбан, гидробиолог қыз, балықшылар әулеті және кемелерді бөлшектеп жатқан адамдар тобы.

Кинокартина Роберт Бош қорының және қазақстандық меценат Шыңгыс Күлжановтың қолдауымен түсірілді. Түсіруге атсалысқандар: кинооператор Евгений Шлегель, монтажер Азамат Алтыбасов, композитор Эльдар Таги, дыбыс режиссеры Игорь Гладкий.

«Идея түні» - барлық мәдениет, ңылым, өнер саласындағы белгілі адамдардың басын қосатын жиын: Онда «Әлемді қалай өзгертеміз?» деген сауалға жауап іздейді.Идеялар мерекесі бір мезгілде әлемнің 20 мәдени-ағартушылық мекемелерінде өитеді.

Іс-шара 26 қаңтарда 17.00-де басталады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер