È

Алматылық көрермен қытай фильмдерін тегін көре алады

Алматылық көрермен қытай фильмдерін тегін көре алады

15-28 маусым аралығында Алматыда қытай киносының күндері өтеді. Шара ұйымдастырушылары - Синцзянь-Ұйғыр автономиялы ауданының телерадио, баспа, ақпарат басқармасы және Қытай елшілігі мен «Қазақфильм» киностудиясы.

Кино өнеріндегі Қазақстан-Қытай қарым-қатынасын нығайту мақсатында Қазақстанға СҰАА БАҚ басқармасының орынбасары Лю Е, «Тяньшань» киностудиясы директорының орынбасары Мұрат Мәмет және қытай актерлары Данияр Толқын, Құндыз-ай Таш, Әбдікерім Әбліз және тб. келді. Қонақтар «Қазақфильм» киностудиясына ат басын тіреп, Қазақстан кинематографшыларымен алдағы біріккен жобаларын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді.

Қытай киносының күндерін режиссер Арслан Әбдікерімнің «Ақшаның әлегі» комедиясы ашты. Отандық көрерменге бүкіл фестиваль бойы режиссер Су Лэйдің «Армандар басталатын жер», кинематографшы Шеризат Якубтың «Гүлбике» мен «Нағыз махаббат» картиналары көрсетілетін болады. Шеризат Якуб - «Композитор» атты қазақ-қытай жобасының режиссерларының бірі.

Фильмдердің көрсетілімі Esentai Mall-дың Kinopark 11 IMAX кинозалында болады. Кіру тегін.

 

Суреттер: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметінен алынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист