Қазақстан мен Қытай бірігіп «Композитор» фильмін түсірмек
Астанада Қазақстан мен ҚХР-ның «Композитор» атты алғашқы біріккен жобасының тұсаукесері болып өтті. Көркем фильм «Қазақфильм» киностудиясымен және Қытайдың «Shineworks pictures» пен «China film coproduction corporation» компанияларымен өндірілетін болады.
«Композитор» киножобасы – қытай композиторы Си Синхайдың шығармашылығы мен тағдырын баяндайтын тарихи-өмірбаяндық фильм. Музыкант Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстанда болған. Осы жерде қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовпен танысады.
Картинамен екі режиссер жұмыс істейді: қытай жақтан - Шеризат Якуб, қазақтар тарапынан - Сәбит Құрманбеков. Желілік продюсерлері Серік Ибраев пен Зарина Кысыкова болмақ. Фильмге отандық актерлардан Алтынай Нөгербек пен Берік Айтжанов қатысады. Басты кейіпкерді қытай актері Ху Джун сомдайды.
«Қазақфильмнің» вице-президенті Серік Жұбандықов
«Қазақфильмнің» вице-президенті Серік Жұбандықовтың айтуы бойынша, Қазақстан – шығынның 50%-ын өзі көтеретін жобаның тең құқылы серіктесі. Ол сондай-ақ, фильмнің Қазақстанда түсірілетін айтып өтті. Ал компьютерлі графиканың пайдалануымен өтетін монтаж жұмыстары Қытайда болмақ.
Еске сала кетсек, Қазақстан мен Қытай коөнімінің келісім-шартына 2016 жылдың қыркүйек айында «Жібек Жолы» кинофестивалінде қол қойылған болатын. Ал желтоқсанда екі жақ дайындық кезеңіне кіріскен.
Превью: nur.kz






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін