È

Альмири Қарпықов: ««Махаббат жайында 100 минут» фильмінің мақсаты – кеңес киносының ауанын қайтару»

Альмири Қарпықов: ««Махаббат жайында 100 минут» фильмінің мақсаты – кеңес киносының ауанын қайтару»

Chaplin Mega park кинотеатрында Альмири Қарпықовтың «Махаббат жайында 100 минут» фильмінің тұсаукесерлі көрсетілімі өтті. Кинотаспа көрермендерге махаббат пен адамгершілік хикаясын баяндайды.

«Махаббат жайында 100 минут» картинасындағы оқиға осы күндерде болған. Меруерт немесе қысқаша Мика Алматыға оралады. Шетелде экономист мамандығын оқып келген қыздың арманы – музыкамен айналысу. Бірақ, белгілі бір жағдайларға байланысты ол банкке жұмысқа орналасады. Кейін банктың вице-президенті Әнуармен танысып, ғашық болады. Бірақ, ер азамат банк бастығының қызы Каринамен атастырылып қойған.

«Фильм арқылы өміріміздегі кей жағдайларға кекесінмен қарағымыз келді. Картинадағы барлық оқиғалар келеке ретінде көрсетілді. Фильмнің тағы бір мақсаты - кеңес киносының ауанын қайтару. Махаббат пен адамгершіліктің жеңіл атмосферасын беру»,-дейді режиссер әрі сценарий авторы Альмири Қарпықов.

Фильм кейіпкерлерін: Миканы - Елдана Қансейітова, Әнуарды - Альмири Қарпықов, Каринаны - Айсұлу Әзімбаева сомдады. Сондай-ақ, көрермендер таспадан Әзиз Бейшеналиевті, Данагүл Темірсұлтанованы, Азат Сейтметов пен Лидия Кәденованы көре алады.

«Каринаның рөлі ерекше. Мұндай мінезді қызды бірінші рет сомдап тұрмын. Маған бір көріністерде сүйісіп, кадр алдында іш киіммен жүріп өту керектігін айтты. Әрине, мен батыл қызбын ғой. Бірақ, сүйісу мен шешіну кезінде айналаңдағы түсірілім тобының барлығы саған қарап тұрса, мұндай көріністе тәжірибесі аз мен сияқты актриса үшін аздап ыңғайсыздау. Бастапқыда кейіпкерімді жағымсыз адам ретінде елестеттім, көрермен алдында сүйкімсіз болуы керек деп ойладым. Алайда, Альмири картинада жағымсыз кейіпкерлердің болмайтынын, оның махаббат пен адамгершілік туралы екенін айтып, түсіндірді»,-деп бөлісті Айсұлу Әзімбаева.

Жеңілдік пен романтика ауанын беру үшін картинаға арнайы 4 шығарма жазылды. Музыкасымен мәскеулік композитор Руслан Мұратов, ал мәтінімен ақын Сергей Калиостро айналысты. Режиссердің айтуынша, пост-продакшны мен аранжировкасы Мәскеуде өткен, сондықтан «Махаббат жайында 100 минут» картинасы көрермендерге түсірілімнен соң бір жылдан кейін ғана жетті.

«Мен таратушылармен жұмыс істеуден бас тарттым, себебі қазақстандық кино нарықтың қандай екенін түсінгім келді. Білесіз бе, тәуелсіз компанияларға жақсы көзқарас танытпайтынын сездім. Кейбір желілер фильмімізді алудан бас тартты. Әсіресе, Star cinema. Оның себебін картинаны қоятын жер жоқ деген желеумен түсіндірді»,-деді режиссер.

«Махаббат жайында 100 минут» фильмі айналымға шықты. Көрсетілім уақытын афиша бөлімінен көруге болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер