«Әміре» - қазақ даласының дауысы
"Қазақфильм" киностудиясы күллі әлемді тамсандырған қазақ теноры Әміре Қашаубаевтың өмір жолына арналған жаңа көркем фильмді түсіруді қолға алды.
Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ, кинопродюсер және инвестор Әлидар Өтемұратов америкалық продюсерлер - Кери Гранат (Cary Granat) және Оскар жүлдесінің иегері Эд Джонспен бірлесе отырып "Әміре" атты киножобаны түсірмек.Фильм әлемдік прокатқа 2017 жылы шығады, бұл Қазақстан мен АҚШ бірлесіп түсірген жобалардың алғашқы қарлығашы болмақ.

Биографиялық фильм көрерменді өз заманының дарынды әншісі Әміре Қашаубаевпен таныстырып, оның Париж көгінде қазақ әнін әуелеткенін көрсетеді, ол жақта оның Мұстафа Шоқаймен кездескені де, осы кездесуден кейін оны туған жерінде не күтіп тұрғаны да баяндалады.
Басты рөлді отандық актерлер: Санжар Мәдиев (Әміре) және Еркебұлан Дайыров (Мұстафа Шоқай) ойнайды. Көрермендер британдық актер Бен Алдриджді, америкалық актриса Эбби Корниш және басқаларды көре алады.

Айта кету керек фильмде музыканттың: «Балқадиша», «Сұржекей», «Үш дос», «Дударай», «Жалғыз арша», «Бес қарагер», «Ағаш аяқ» және «Əй-əй бөпем» әндері орындалады.
Түсірілім 23 шілдеде Ригада, Латвияда басталды. қыркүйек айында Алматы қаласында аяқталады.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін