È

«Әміре» Hollywood Film Festival-де бірінші орынға ие болды

«Әміре» Hollywood Film Festival-де бірінші орынға ие болды

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында Hollywood Film Festival ХКФ өтті, шарада отандық «Әміре» фильмі Best Global Hollywood Film бас жүлдесін жеңіп алды.

Байқаудың бастапқы кезеңінде Қазақстанның атынан 6 жұмыс - үш толықметражды және үш қысқа метрлі картиналар ұсынылды. Ақтық сайысқа Джефф Веспаның «Әміре» фильмі ғана өтті. Екінші кезеңде отандық таспа өзге елдердің 16 үміткерімен сайысқа түсіп, нәтижесінде жеңіске жетті.

Фестиваль президенті Брэд Паркс биыл байқауға расында да лайықты жұмыстардың қатысқанын, сондықтан қатысушылар өздерімен мақтануға болатынын айта кетті.

Еске сала кетсек, «Әміре» түсірілімі 2016 жылы үш мемлекетте өткен болатын. Фильмге Санжар Мәди, Еркебұлан Дайыров, Эбби Корниш және Бен Олдридж түсті. Картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілді.

 

Превью: kazakhfilmstudios.kz

 

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

13 қараша 2018, 00:17

Так держать и так и быть должно

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер