«Қазақ Елі» анимациясы Барселонада көрсетіледі
«Қазақ Елі» толықметражды анимациялық лентасы Asian Film Festival бағдарламасына енді. Азиялық кино байқауы 4-13қараша аралығында Барселонада, Испанияда өтеді. Анимация «Панорама» негізгі бағдарламасында көрсетіледі.
«Қазақ Елі» мультфильмін «САҚ-Дала» киностудиясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірді.
Картина қазақ хандығының алғашқы хандары Керей мен Жәнібектің балалық шағы мен есейген кезі суреттеледі.
Тарихи фильмге Батырхан Дәуренбеков режиссерлық етті. Сценарийді жазғанжар Сағаділдә Үсіпбәлиев және Бақытжан Құлжабаев. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбай және жазушы, кинодраматург Дулат Исабеков кеңесші болды. Жоба продюсері – Руслан Шынықұлов.

Батырхан Дәуренбековтың айтуынша, испан көрермендеріне бздің еліміздің бай тарихымен танысу қызық болмақ. «Қазақ Елі» анимациясынан басқа да отандық жұмыстар фестивальда көрсетіледі: Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат», Досқан Жолжақсыновтың «Құнанбай», Асқар Ұзабаевтың «Жол» және Мұрат Маханның «Судебный исполнитель» дебюттық фильмі.
Биылғы жылы Asian Film Festival фестивалінде Ауғанстан, Вьетнам, Иран, Қытай, Корея, Малайзия, Жаңа Зеландия, Сингапур, Таиланд және Филиппиннен 80-ге жуық кинолента қатысады. 
Анимациялық фильмді халықаралық фестивальдарға «Қазақфильм» киностудиясы ұсынып отыр.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін