È

Әнуар Нұрпейісов қысқа метр түсіргісі келеді

Әнуар Нұрпейісов қысқа метр түсіргісі келеді

Актер әрі қоғам қайраткері Әнуар Нұрпейісов кинорежиссураға бет бұруды жоспарлап жүргенін айтты. Актердің алғашқы қысқаметражды фильміне қатысты идеясы да дайын екен. Бұл туралы Әнуар «Кинокафе Әзиз Бейшеналиевпен» бағдарламасының үшінші шығарылымында мәлімдеді.

«Шығыс Қазақстан облысына барған кезімде қысқаметражды фильм идеясы туындады. Сценарийі тамаша шықты. Фильм қазіргі қоғамға, әсіресе өздері шешім қабылдай алмайтын, ата-аналарының айтқанымен жүретін жастарға қажетті дүниелерді қозғайды. Қазақстандағы қазіргі ресми статистика – жоғары оқу орнын бітірген түлектердің 40%-ы мамандық бойынша жұмыс істемейді. Демек, адамдар өз орындарын тапқан жоқ. Неге режиссура дейсіз ғой? Мен үшін көбірек ақша тапқаннан гөрі, өзімді шығармашылық тұрғыда дамыту маңызды. Егер маған әйгілі режиссер немесе әйгілі продюсер арасында таңдау қажет болса, мен әрине біріншісін таңдар едім», - деді актер.

Әңгіме барысында Әнуар Нұрпейісов отандық кинематографтың жағдайы туралы да сөз қозғады. Ол Қазақстанға әлеуметтік мәселелерді көтеретін картиналардың жетіспейтінін алға тартты.

«Туыстар туралы көптеген жобалар түсірілді. Содан кейін, титрдан соң туысыңа хабарласқың келеді екен. Бірақ, басқа да әлеуметтік сауалдар бар ғой. Бізде жемқорлық мәселесі бар. Алдағы уақытта шенеуніктерге «Егер мен өзімнен бастамасам, басқа кім тосқауыл қояды» дегізетіндей, оларды ойландыратындай кино түсірейікші», - деп қоса кетті актер.

Еске салсақ, «Кинокафе Әзиз Бейшеналиевпен» - бұл танымал киноқайраткерлерімен сұхбаттасатын жоба, олар әңгіме барысында жеке әрі кәсіби тұрғыда ашыла түседі, барлығының өз мақсаттары, мәселелері, жеңістері мен жеңілістері бар. Алдыңғы бөлімдерінде Баян Алагөзова мен Нұртас Адамбай бағдарлама қонақтары болып қайтқан.

 

 

3 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

14 января 2018, 02:32

давай Анур делай кино.

Мырзахмет

14 января 2018, 02:33

Простите, Ануар делай кино.

Даник

15 января 2018, 18:21

Молодец!

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист