È

Әнуар Нұрпейісов және Айсұлу Әзімбаева «Хан-Тәңірден оралу» фильмін таныстырды

Әнуар Нұрпейісов және Айсұлу Әзімбаева «Хан-Тәңірден оралу» фильмін таныстырды

Биылғы жазда Әнуар Нұрпейісов пен Айсұлу Әзімбаева Хан-Тәңірі шыңын бағындыруға кеткен болатын. Олар 31 қазанда «Арман» киноорталығында алғашқы көрермендерге экспедиция жайлы бейнеесепті көрсетті. Деректі таспаның режиссері Әнуар Нұрпейісов болып табылады.

Топ тауда бір айдай уақыт болды. Кейіпкерлер үшін шыңды бағындыру нағыз сынаққа айналды, өйткені аман қалу екіталай еді. Деректі картинадан көрермендер биікке шығудың дайындығынан бастап, сонау шыңға шыққанға дейінгі барлық сәтті көре алады.

Әнуар Нұрпейісовтің жеке Instagram парақшасынан
Әнуар Нұрпейісовтің жеке Instagram парақшасынан

«Бұл мен қатысқан ең керемет фильм болды. Бұл ең тамаша күн, себебі достарым келді. О, жарық дүние, мен барлығын көргеніме шын қуанышты болдым», - деп жазды Инстаграмға Айсұлу Әзімбаева.

Көрсетілімнен кейін дерекші Қанат Бейсекеев картинаны бүкіл әлемнің көру керектігін, сондықтан оны кинофестивальдерге жіберудің қажеттілігін айта кетті.

«Бұл ең мықты деректі фильм. Мен фильмнен, кейіпкерлердің батырлығы мен оқиғадан ерекше әсер алдым, әлі де әсерде жүрмін», - деді режиссер «Ревю» бағдарламасында.

Айсұлу Әзімбаеваның жеке Instagram парақшасынан
Айсұлу Әзімбаеваның жеке Instagram парақшасынан

Әнуар Нұрпейісовтің айтуынша, ол альпинизмнің не екенін білуге қызығушылық танытқан, дегенмен тәуекелге баратынын да жақсы түсінді, себебі Хан-Тәңірде 60 адам құрбан болған, бұл оңай сан емес. Сондай-ақ, актер әлемнің ең әдемі жеті шыңы жайлы бейнежоба түсіруді жоспарлап жүр.

Негізі, «Хан-Тәңірден оралу» YouTube арнасына ғана шығады деп жоспарланған, бірақ көрермендердің пікірлерінен кейін, авторлар фильмді кинотеатрлардан көрсетуді ойлап отыр.

 

Превью: ognialatau.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ержан Рүстембеков

Режиссер

Әнуар Нұрпейісов

Актер