È

Ардақ Ермеков «Япыр-ай» скетчкомында негізгі рөлдердің бірін сомдады

Ардақ Ермеков «Япыр-ай» скетчкомында негізгі рөлдердің бірін сомдады. Қазақстан киносы

Күзде «Жетінші арнадан» «Япыр-ай» хикаясы көрсетіледі. Жоба - Ерлан Қасымжанұлының екінші режиссерлік жұмысы. Актер «Бастық боламын» картинасында қоюшы ретінде дебют жасаған. Скетчком продюсері - Бақыт Қасқарауылова. Ардақ Ермеков скетчкомда басты рөлдердің бірін сомдады, ол «Бродвейге» өзінің кейіпкері туралы айтып берді.

«Кейіпкерімнің есімі Әбжан. Ол дөрекі, бірақ күлкілі күзетші, өзін бастық ретінде сезінеді. Кейіпкер университетке студенттерді кіргізбейді, осылайша өз бағасын асқақтатады. Мұндай кейіпкерді біздің сценаристіміз ойлап тапқан, себебі шынайы өмірде сондай адамды көрген екен. Мен дөрекі адамның образына оңай ендім, сондықтан түсірілім кезінде ешқандай қиындықтар болмады»,-дейді Ардақ Ермеков.

Скетчком қарапайым қала тұрғындары туралы баяндайды. Авторлар кейіпкерлердің көрермен жүрегінен орын алатынына уәде береді. Хикаядағы басты рөлдерді Ерлан Қасымжанұлы, Әбунасыр Серіков, Дәнекер Оразбаев, Бауыржан Орда, Ардақ Кенже, Нүргүл Мыңғатова, Берік Түменбаев, Тағай Нұралиев сомдады.

«Мен қазір «Бастық боламын» хикаясының жалғасына сценарий жазумен айналысып жатырмын, сондай-ақ сол хикаяда Қисық есімді ауыл бұзақысының рөлін сомдамақпын»,-дейді актер.

«Япыр-ай» қазақ тілінде көрсетіледі. Хикая 10 бөлімнен тұрады, әр бөлімнің хронометражы 25 минутты құрайды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер