«Қазақфильм» архиві «Бродвей» кинопорталына енгізілді. Баспасөз конференциясынан фоторепортаж
Kinopark 11 IMAX Esentai Mall-да «Қазақфильм» архивінің «Бродвей» кинопорталының онлайн-кинотеатрына орналастырылуына орай, арнайы баспасөз конференциясы өтті. Шараға Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның PR-директоры Дмитрий Шишкин, киностудия баспасөз қызметінің жетекшісі Айнұр Исаева және «Бродвей» кинопорталының бас директор Әнуар Кенжибаев қатысты.
«Бродвей» кинопорталына киностудияның 645 сандық картиналары (ойнамалы кино - 208, деректі кино - 332, анимациялық кино -105) енгізілді.
«Бір реттік көрсетілімнің бағасы фильм өндірісіне байланысты: кино жаңа болған сайын, бағасы да арта түседі. Бағалары - 20 мен 350 теңгенің арасы. Алдымен аудитория мен сұранысты байқап көреміз. Бір, бір жарым айдан кейін айлық және жылдық топтамаларды қолға алатын шығармыз»,-деп түсіндірді Әнуар Кенжибаев.
Баспасөз конференциясы қатысушыларының айтуынша, «Қазақфильмнің» бейнеконтенті Қазақстан киносын кеңінен таныту мақсатында желіге салынып отыр.
Шара Шәкен Айманов түсірген «Біздің сүйікті дәрігер» халықтық комедиясының жаңартылған нұсқасының көрсетілімімен аяқталды.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін