Артур Төлепов «Үздік бейнеклип» марапатына ие болды
Өткен демалыс күндері MuzZone EMA-2016 телеарнасының музыкалық жүлдесіне арналған іс-шара өтті. V Еуразиялық музыкалық жүлде жаңа концерттік алаң Almaty Arena мұз айдынында өтті. жыл сйын өткізілетін шара музыка саласында жетістіктерге жеткен қазақстандық әртістерді марапаттайды.

Артур Төлепов
Актер әрі әнші Артур Толепов «Үздік бейнеклип» номинациясы бойынша үздік деп танылды.«Без тебя» деп аталатын әннің клипі онлайн және SMS- дауыс беру арқылы таңдалды. Мәтіннің авторы және режиссеры ресейлік музыкант әрі актер Алексей Воробьев, Ол да EMA байқауында «Үздік режиссура» номинациясын және «Евразияны жарып өту» номинацияысын жеңіп алды.
Клиптің сюжеті бас кейіпкердің бір қызға ғашық болуы жайлы. Оның сүйіктісін актриса Дина Тасбулатова ойнады. Түсірілім Лос-Анджелесте өтті, түсірілімге сондай-ақ Тәуекел Мүслім және Бауыржан Сатов қатысты.

Алексей Воробьев EMA-2016 жүлдесінде
Салатантты шарадан кейін Артур Астанаға аттанды, онда Mega сауда-ойынсауық орталығының туған күніне орай үлкен концерт ұйымдастырылған болатын. Әртісті жеңісімен құттықтауға және жай ғана оның шығармашылығынан ләззат алуға оның көптеген табынушылары жиналды.
Әртістің айтуынша, актерлықпен қош айтысу оның жоспарында жоқ.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін