È

Аружан Джазильбекова «Анаға жол» драмасындағы рөлі жайлы

Аружан Джазильбекова  «Анаға жол» драмасындағы рөлі жайлы

Аружан Джазильбекова өткен жылы Ақан Сатаевтың «Анаға жол» тарихи драмасына түсті.

Фильмнің алғашқы көрсетілімі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 2016жылдың наурызында болды. Маусым айында мәскеуде картинаның гала-көрсетілімі өтті.

Тарихи лентаның қазақстандық тұсауесері осы күзде.

«Анаға жол» фильміндегі басты рөлді орындаушылардың бірі Аружан Джазильбекова картинадағы өз рөлі туралы әңгімеледі.

«Бұл ана махаббаты туралы өте әдемі фильм, аналардың қандай мықты болатындығы туралы. осы картина туралы айтқанда мен қатты эмоцияға берілемін, біз бұл фильмге ұзақ дайындалдық, ұзақ түсірдік. Мен осы рөлді қатты алғым келді. Мен бас кейіпкердің бала кезіндегі дос қызының рөлін ойнадым, ол аштыққа, соғысқа қарамастан оны күтеді, тіпті қамаудан босап келгенше күтеді», - дейді актриса.

Сондай-ақ Аружан «Бұл фильм адамның рухани мықтылығы жайлы, рухы мықты аадам ешқашан мұқалмайды: махаббат бар жерде соғыс та, аштық та қорқынышты емес» дейді.

Естеріңізге сала кетейік, актриса тағы бір ресейлік «Золотая Орда» сериалында да ойнайды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер