È

Берік Жахановтың «Асан» фильмі 9th START International Short Film Festival-де марапатталды

Берік Жахановтың «Асан» фильмі 9th START International Short Film Festival-де марапатталды

Режиссер Берік Жахановтың «Асан» фильмі IX Халықаралық START қысқаметражды фильмдер фестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды.

Фильм ешқашан көрмеген, білмеген әкесін жерлеуге баратын бала туралы әңгімелейді.

Қысқаметражды таспаның режиссері өз кезегінде «Қазақфильм» киностудиясына, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының басшылығына және жобаға атсалысқан топқа алғысын білдірді.

Биыл 9th START International Short Film Festival-ге 45 елден 490 фильм келіп түскен, солардың ішінен 100 картина таңдалды. Байқаудың халықаралық бағдарламасында 72 таспа көрсетілді, қалған 28 фильм әзірбайжандық режиссерлардың жұмыстарынан іріктелініп алынды.

Негізгі байқаудың картиналарын құрамына Аяз Салаев (Әзербайжан), Тобиас Бюхнер (Германия), Камбузия Партови (Иран), Гүлбар Толомушова (Қырғызстан) және Захра Бадалбейли (Әзербайжан) кіретін қазылар алқасы бағалады.

Еске салсақ, «Асан» қысқа метрінде басты рөлді сомдаған Азат Жұмаділ III Baikonyr Short Film Festival-інің «Үздік актер» номинациясында жеңіске жеткен болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Алексей Пантелеев

Актер

Асылхан Төлепов

Актер