È

Асанәлі Әшімов Қуат Ахметовтың «Беткейдегі бұталар көлеңкесінде» атты жаңа фильміне түседі

Асанәлі Әшімов  Қуат Ахметовтың «Беткейдегі бұталар көлеңкесінде» атты жаңа фильміне түседі

Отандық театр және кино актеры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асанәлі Әшімов шартты атауы «Беткейдегі бұталар көлеңкесінде» фильмінің түсіріліміне қатысады. Кинолентаның қоюшы-режиссер - Қуат Ахметов, ол «Жел адам» және «Сіз кімсіз, Ка мырза?» картиналары арқылы белгілі. Көркем фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясы түсіреді.

Жаңа картинада Асанәлі Әшімов басты рөлді - философ қарияның рөлін ойнайды. Сюжет бойынша шексіз-шетсіз қазақ даласында Ағатай есімді қарт тұрады. Қартайған шағында жалғыз қалған Ағатай өз шаруашылығын күтумен күн өткізеді. Бір күні оның үйіне жетім бала келеді. Екі кейіпкер де бір-бірінен пана тауып, бір-біріне бауыр басады. Лентаның негізінде түркі халқының аңыздары жатыр.

Фильмді түсіру идеясы Асанәлі Әшімовтікі, ол бұл идеяны режиссерға 2014 жылы ұсынған екен. Кейіннен режиссер ресейлік драматург Одельша Агишевпен бірге сценарий жазды.

Бұл Асанәлі Әшімов пен Қуат Ахметовтың бірлескен алғашқы жобасы емес. Кинематографистер бұған дейін «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмінде бірге жұмыс істеген еді. Аталған фильмде де халық әртісі басты рөлді ойнаған болатын.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер