È

Әсел Сәдуақасова: «Ең бастысы сценарий және режиссерден қателеспеу»

Әсел Сәдуақасова: «Ең бастысы сценарий және  режиссерден қателеспеу»

Отандық продюсер әрі актриса Әсел Сәдуақасова режиссер Асқар Ұзабаевпен бірге «Келинка тоже человек» комедиясын прокатқа әзірлеп жатыр. өзінің жаңа жобасы туралы Әсел с әдуақасова «Ревю» бағдарламасында нақтырақ әңгімелеп берді.

«Жобада біз Асқар Ұзабаев екеуміз бірдей толыққанды продюсерміз. Екеуміз шығынды 50 де 50 етіп бөліп алғанбыз. Жұмыс істеудің осындай нұсқасы жақсырақ: рухани жағынан жеңілірек әрі шығын да аздау, арзанға түседі. Қазіргі коммерциялық кино осыған бағытталуы керек: ол сапасы жағынан жақсы, бірақ қымбат болмауы тиіс. Жалпы комедияны түсіру аса қымбат емес. Мұнда ең бастысы - сценариймен және режиссермен қаталеспеу керек», - дейді Әсел Сәдуақасова.

«Келинка тоже человек» фильмі ене мен келін арасындағы мәңгілік күрделі қарым-қатынасқа арналған. Картина 21 күнде түсірілі, актрисаның айтуынша рөлге дайындалу үшін оған бір ай уақыт қажет болған.

«Картинада мен келіннің образындамын. Бірақ оқиғаның басында менің кейіпкерім мен ененің жандары ауысып кетеді, сондықтан мен бүкіл фильм бойында «енені» ойнаймын. Рөл өте күрделі болды. Мен рөлге бір айы бойы дайындалдым, өйткені фильмде көптеген қазақша фразалар бар, олардың көбін емн акцентпен айтатын едім. Сондықтан дыбысты қайта жазуға тура келді. Мен бала кезімнен тек орыс тілінде оқып, білім алдым, ал өзімнің ана тілімді енді үйрене бастадым. Осы жобада тіл білудің соншалықты маңызды екенін түсіндім», - дейді актриса.

Кинолентаның түсірілімі 2016 жылдың қараша айында алматы қаласында өтті. Түсірілімге Данияр Алшинов, Данагүл Темірсұлтанова және Әбунасыр Серіков қатысты.

Үлкен экранға «Келинка тоже человек» 23 ақпанда шығады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса