È

Асқар Бисембин: «Наурыз.kz» - ұлттық киноның жаңа форматы

Асқар Бисембин: «Наурыз.kz» - бұлұлттық киноның жаңа форматы

16 наурызда прокатқа «Наурыз.kz» отандық комедиясы шықты. Фильм Асқар Бисембиннің төртінші режиссерлық және сценарлық жобасы. Фильмді түсіру идеясы қалай келді, фильмнің Тимур Бекмамбетовтың «Ёлки» жобасынан айырмашылығы немесе ұқсастығы неде, картина қандай көрерменге арналған, бұл туралы режиссер Асқар Бисембин және продюсер Олег Головашкин әңгімелеп берді.

«Жобаға мені Олег Головашкин шақырды. Екеуміз әңгімелесіп отырғанда ол өте қызықты жобаны түсіру туралы идеясымен бөлісті. Оның идеясы маған да ұнап, Василий Земзюлин және Николай Пакпен бірге сценарий жазуға кірістік. Бізді үлкен жұмыс күтіп тұрғанын түсіндік. «Наурыз.kz» - бұл ұлттық киноның жаңа форматы, мұнда бірнеше оқиға мен сюжет байланыстырылған. Бүгінде көпшілік біздің фильмімізді ресейлік «Ёлки» жобасымен салыстырады, бірақ мен фильмді түсіруде Тимур Бекмамбетовтың жұмысына емес, Ричард Кёртистің «Реальная любовь» жобасына көбірек сүйендім. Өте бір жылы, жақсы қабылданатын картина түсіргіміз келді. Көрермендер тиісті бағасын береді деп үміттенемін», - деді Асқар Бисембин.

«Наурыз.kz» фильмі - түсірушілердің айтуынша, бес қызықты новелланы баяндайтын халықтық комедия. Әр оқиғаның кейіпкері Наурыз мейрамы қарсаңында қиын жағдайға тап болады, олардың мәселелерін тек ғажайып қана шеше алады. Ал бір ғажайыптың болатыны шындық, өйткені Наурызда ең асыл армандар орындалады.

«Асқар екеуміз мынандай сұраққа жауап іздедік: «Біздің айтарымыз бар ма, біздің кинонарықта әлі болмаған бірдеңе бар ма?». Нәтижесінде біз ең күрделі саналатын халықтық комедия жанрына тоқтадық. Біз баршаның жанына жақын оқиғаны көрсеткіміз келді. Бекмамбетовтың «Ёлки» жобасына ұқсасын деген ойымыз болған жоқ, өйткені Қазақстанның өз салты, дәстүрі бар, Наурыз – ең үлкен ұлттық мереке ғой», - деді Олег Головашкин.

Кинолентада көрермендер белгілі актерлер мен сүйікті әртістерін көре алады: Данагүл Темірсүлтанова, Саят Мерекенов, Жанар Дұғалова, Марат Омаров, Берік Айтжанов, Шәріп Серік тағы басқалар.

Авторлардың айтуынша, «Наурыз.kz» о баста үш бөлімнен тұратын франшиза болады деп жоспарланған. Бүгінгі таңда екінші бөлімнің концепциясы бекітілді, мұнда да сол актерлық құрам сақталған. Жалғасының түсіріліміне түсіру тобы осы жылдың тамыз айында кіріседі.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер