È

Асқар Бисембин нағыз «Қазақша ажырасуды» көрсетеді

Асқар Бисембин нағыз «Қазақша ажырасуды» көрсетеді

Асқар Бисембин «Қазақша ажырасу» фильмінің түсірілімін аяқтады. Режиссер картинаның ерекше атауына қарамастан, киноның отбасы құндылықтарын баяндайтынын айтты.

Оқиға қарапайы қазақ отбасында болады. Бір күні әйелі күйеуінің басқа біреумен жүріп жүргенін біліп қояды. Көптеген әйелдер секілді ол да жанжал шығарып, күйеуінің олқылығын бетіне басуға асығады. Бірақ, жақын құрбысы бұл ойынан айнытып, ақылмен әрекет жасауын сұрайды. Яғни, сол көңілдесті тауып алып, ақырындап құтылуға тырысады. Осылайша, қарсыласты құрту операциясы басталады.

«Қазақша ажырасу» фильмінің түсірілімінен сурет

Экрандағы махаббат үштігін Әсел Сәдуақасова, Дәурен Айдарқұлов және Сая Оразғалиева сомдады. Екінші қатардағы рөлдерді Айнұр Ілиясова, Марат Достаев, Жан Байжанбаев және жас актриса Әлия Әбітова ойнады.

Асқар Бисембиннің айтуынша, көрермендерді өте әсерлі комедиялық хикая күтіп тұр.

«Қазақша ажырасу» түсірілімі Алматыда өтті.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Даник

15 января 2018, 02:56

Развод по-американски, развод по-французски, а теперь и развод по-казахски)))

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист