È

Асқар Бисембин «Қазақша ажырасу» комедиясын түсіріп жатыр

Асқар Бисембин «Қазақша ажырасу» комедиясын түсіріп жатыр

Режиссер Асқар Бисембин «Қазақша ажырасу» уақытша атауы бар фильмнің түсіріліміне кірісті. Картина түсірілімі Алматыда өтуде.

«Қазақша ажырасу» - Асқар Бисембиннің романтикалық комедиясы, көрермендер картинадан Дәурен Айдарқұловты («Кинодан да артық»), Сая Оразғалиеваны («Барлығына еркектер кінәлі») және Айнұр Ілиясованы («Ауылдан қашу. «Махаббат» операциясы) көре алады.

Сондай-ақ, картинаға Әсел Сәдуақасова түсіп жатыр, Бисембин Әселмен бірге «Адель» драмасын және «30 жаста күйеуге шығу» комедиясын түсірген болатын.

«Қазақша ажырасу» картинасының сценарийін Асқар Бисембин Сәкен Тоқтағұловпен бірге жазған. Фильмнің қоюшы-операторы ретінде Қанатжан Мырзағалиев («Саз махаббат») шақырылды.

Әсел Сәдуақасова және Сая Оразғалиева «Қазақша ажырасу» фильмінің түсірілімінде

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

21 желтоқсан 2017, 23:02

Это точно будет развод. Слово развод, обман или же все таки развод. Выбирать вам мой Казахи

Таныс бейне

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер