Асқар Бисембин: «Қазақша ажырасу» бастапқыда тылсым хикая болған»
Биылғы көктемде «Қазақша ажырасу» уақытша атауы бар комедия экранға шығуы мүмкін. Фильм режиссері - Асқар Бисембин, ол 2017 жылы «Наурыз.kz» және «Кинодан да артық» кинотаспаларын жарыққа шығарған.
Бисембиннің жаңа картинасындағы оқиға ажырасуға шақ тұрған отбасылық жұптың қарым-қатынасы аясында өрбиді. Себеп – басқа әйел. Басты кейіпкер кез-келген жолмен некесін сақтап қалуға тырысады.
«Қазақша ажырасу» - әзірге картинаның уақытша атауы. Идеясы өзімдікі. Бастапқыда бұл тылсым хикая болған. Бірақ оны бірнеше рет қайта жаздық. Ақыры автор Сәкен Тоқтағұловпен бірігіп, махаббат үштігі туралы сценарий жаздық. Отбасының ойрандалуы жағымды тақырып емес, дегенмен бұл жағдайға әзілмен қарауға тырыстық. Фильм отбасылық құндылықтарды қозғайды әрі үйленбеген жастарға да, отбасылы жандарға да қызықты болады деп ойлаймыз. Картинада месседж көп, сондықтан әр адам өзіне лайықты қызықты дүниені табады», - деді Асқар Бисембин.
«Қазақша ажырасу» фильмінің түсірілімінен сурет
Картинада Әсел Сәдуақасова мен Дәурен Айдарқұлов қазақша ажырасады. Олардың ортасына Сая Оразғалиева түседі.
Режиссер актерлік құрамға риза болғанын жеткізді.
«Комедияға өте мықты, жақсы актерлар түсті. Бізді Айнұр Ілиясова қолдады, ол басты кейіпкердің құрбысын сомдайды, ал Марат Достаев, Құмар Лұқманов эпизодтан көрінеді және Жан Байжанбаев түсті»,- деп қосты Бисембин.
Фильм түсірілімі былтырғы жылдың желтосқанында Алматыда өтті.
1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Даник
13 января 2018, 02:29У нас все по-казахски)))