È

Асқар Бисембин Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр Сейтмағамбет жайлы веб-хикая түсірді

Асқар Бисембин Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр Сейтмағамбет жайлы веб-хикая түсірді

Режиссер Асқар Бисембин жұлдызды жұп Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр Сейтмағамбеттің өмірі туралы веб-хикая түсірді. Жобаның бас продюсері Сәкен Тоқтағұлов болды.

Aidarkulovs LIVE Дәурен мен Ақботаның отбасылық өмірін көрсетеді, күнделікті тұрмысты әзіл арқылы жеткізеді.

Хикая 12 бөлімнен тұрады, әрқайсының хронометражы 7-ден 10 минутқа дейін болмақ.

«Идея аяқ астынан келді. Мен Salem Social Media жігіттерімен кездесіп, басқа жобаларды ұсынған едім, кенеттен Ақбота мен Дәурен жайлы хикая түсіру идеясы туындады, бұл барлығына ұнады», - деді Сәкен Тоқтағұлов.

Дәурен Айдарқұловтың жеке Instagram парақшасынан
Дәурен Айдарқұловтың жеке Instagram парақшасынан

Хикая сценарийін режиссер мен продюсер жазды. Жоба Алматыда 7 күннің ішінде түсірілді.

«Біз Асқармен екі жыл жұмыс істеп келеміз. Жоба біз үшін жаңа туынды болды, себебі бұрын тәжірибемізде мұндай форматтағы картиналар болмады. Көпшілігіне бұл картинаны тамашалау қызық болатын сияқты, өйткені Ақбота мен Дәурен ел аузында жүрген жұп қой», - деп қоса кетті Тоқтағұлов.

Aidarkulovs LIVE келесі жылдың қаңтарында желіге шығады.

Еске салсақ, Salem Social Media-ның YouTube-арнасында жобаның үш минуттық сынамалы бөлімі шыққан болатын.

 

Превью: Дәурен Айдарқұловтың жеке Instagram парақшасынан

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер