È

«Астана» телеарнасында «Отбасы» скетчкомының жаңа маусымы

«Астана» телеарнасында «Отбасы» скетчкомының жаңа маусымы

«Астана» телеарнасында «Отбасы» скетчкомының екінші маусымы басталды, онда басты рөлдердің бірін белгілі актриса Жанар Айжанова ойнайды. Жобамен айналысқан Alma pictures компаниясы.

Комедиялық сериалдың жалғасын енді жексенбі күндері 21:00-де көруге болады.

Жаңа маусымда келіннің рөлінде Перизат Алпыс, сондай-ақ ол сценарий авторларының бірі. Сценариймен Мира Добрынина мен Сабина Сәкен жұмыс істеді.

Естеріңізге сала кетейік, скетчкомның алғашқы сериялары қыс мезгілінде шыққан болатын. Қарапайым қазақ отбасының жанға жылу сыйлайтын оқиғалары көрермендердің көңілінен шыққандықтан телеарна басшылығы «Отбасы» сериалының жалғасына тапсырыс берді. Енді әр серияның хронометражы 30 минутқа ұзартылды.

Екі маусымның да қоюшы-режиссеры жанболат еділбаев. Басты рөлдерді орындаушылар да өзгеріссіз қалды: Бейімбет Бақытқадыров, Марина Сүлейменова, Сабина Сәкен.

Үшінші маусым туралы айтуға әлі ертерек, барлығы да көрерменнің пікіріне байланысты. «Отбасы-2» үмітті ақтайды деп ойлаймыз, біз әлі скетчкомның түсірілім кезіндегі қызықты сәттерін де өздеріңізбен бөлісетін боламыз.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Леброн Джеймс екінші «Space Jam» фильмінің жұлдызы атанбақ

Space Jam лентасы алғаш рет 1996 жылы жарық көрді. Сол кезде басты рөлді Майкл Джордан ойнаған болатын. Шынайы актерлер мен мультипликациялық кейіпкерлердің біріктірілуі, сюжеттің тартымдылығы комедияның қызық болуына әсер етті.   

Айнур

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист