È

Қазақстандық кино Short Film Corner-де

Қазақстандық кино Short Film Corner-де

Айта кетейік, қазақстандық режиссерлердің киноленталары арнайы ұйымдастырылған кинопавильонда көрсетіледі. Осылайша байқау қонақтары Қазақ өнер академиясының студенттері:Айдоса Сейтжанның «Шолпан», Мансұр Баймұхамбетовтың «Созерцатель», Рамазан Халиұлының «Қамшы» және тағы басқалардың жұмыстарын тамашалап, оларға баға бере алады. Сондай-ақ «Еуразия» ХКФ-інің де презентациясы өтеді.

Жыл сайын жүздеген киноленталар, оның ішінде қазақстандық режиссерлердің картиналары да Канн фестивалінің басты сыйлағы «Алтын пальма ағашының бұтағы» үшін бақ сынасады. Өткен жылдары Дарежан Өмірбаевтың «Киллер» (1998)және «Студент» (2012), Әділхан Ержановтың «Хозяева» (2014), Нариман Төребаевтың "Антиромантик" (2001) секілді картиналары қатысқан болатын.

Кадр «Шолпан»

Осы жолы Short Film Corner негізгі бағдарламасына Қазақстан 11 фильм ұсынып отыр. Олардың арасында Айдос Айтжановтың «Туған» кысқа метаржды фильмі бар. Оқиға перзентханада ауысып кеткен сәбиілер туралы. 2013 жылы сюжеті осыған ұқсас жапондық «Что отец, что сын» кинолентасы қазылар алқасының жүлдесіне ие болған еді.

Қысқаметражды фильмдер жобасы 2004 жылдан бастап өткізіледі. Осы жылы Short Film сесссиясында әлемнің әр түкпірінен 2000-дай фильм қатыстырылады.

Кадр «Киллер»

«Особый взгляд», «Синефондасьон» (Cinefondation) және «Short Film Corner» секілді негізгі сессиялардан бөлек байқаудан тыс та фильмдер көрсетілуде.

Канн фестивалі 22 мамырға дейін жалғасады. Бас жүлдеге үміткер 13 елдің фильмдері.

Отандастарымызға сәттілік пен жеңі тілейміз!

Әйгерім Қасқыр

Аударған Айнұр Сенбаева

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

«Жұлдызды күн»

Мадияр Алтынбековтің «Жұлдызды күні»

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса