Қазақстандық жаңа фильм «Танго» түсірілуде
Режиссерә әрі сценарисі Аман Сюмбаев. Кинолентаның сюжеті Дарын деген жігіт пен байлардың балаларын ұрлайтын криминалдық топ туралы. Авторлардың айтуынша, картина атыс-шабыс көріністері бар өте қызықты экшн.
Негізгі рөлдер актер, режиссер, әнші Шапағат Орынбаев пен жас актер Сәбит Әбдиге бұйырыпты. Олардың айтуынша, барлық төбелес көріністерін өздері орындайды. Сондай-ақ фильмге спорт мектептерінің оқушылары тартылған.

Шапағат Орынбаев
Режиссер аман Сюнбаев кәсіби актерлер мен жас актерлердің тандемін қалыптастырғанын айтады. Осылайша ол жастардың кісіби мамандардан тәжірибе алуына жол ашпақ. Сонымен қатар режиссер қазақ кинемотографиясында атыс-шабыс фильмдерге аса қызығушылық жоқ екенін, өйткені кәнігі мамандар жетіспейтінін алға тартты.
Отандық «Танго» экшнын қазақстандықтар таяу болашақта тамашалап, баға бере алады. Фильмнің тұсаукесері күзге жоспарланған.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін