È

Азат Сейтметов «Үздік ер адам рөлі» жүлдесін жеңіп алды

Азат Сейтметов «Үздік ер адам рөлі» жүлдесін жеңіп алды

Театр және кино актері Азат Сейтметов Seoul International Drama Awards фестивалі қазылар алқасының шешімімен «Үздік ер адам рөлі» жүлдесін жеңіп алды. Актер байқауға Асқар Ұзабаевтың «Әке» деп аталатын көпсериялы лентасымен қатысқан болатын.

Азат Сейтметов алдында балаларын аяққа тұрғызу міндеті тұрған жалғызбасты әкенің рөлін ойнады.

Сондай-ақ актер М.Әуезов атында,ы Қазақ мемлекеттік академиялық театрында қызмет етеді.

Естеріңізге сала кетейік, үздік актер жүлдесі үшін Бенедикт Камбербэтч (Великобритания), Антонио Перес (Мексика), Дэвид Фукамачи (Швеция), Энтони Уонг (Гонконг), Ю Аин (Оңтүстік Корея) және Кен Джонг (АҚШ) бақ сынады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер