È

Әзиз Бейшеналиев «Бөлінбейтін» фильмінің түсірілімі жөнінде

Әзиз Бейшеналиев «Бөлінбейтін» фильмінің  түсірілімі жөнінде. Қазақстан киносы

Алматы облысында «Бөлінбейтін» көркем фильмінің түсірілімі өтті. Қылмыстық комедия режиссер Олжас Ахметовтың үлкен дебюті болды және Әзиз Бейшеналиев үшін әсерлі жобалардың бірі атанды. 30-ға жуық отандық және шетелдік фильмге түскен актер жаңа картинадан алған әсерімен бөлісті.

«Мен Олжастың фильміне түсуге қуана-қуана келістім, себебі маған сценарий өте қатты ұнады. Шынымды айтсам, біздің жас кинематографшыларымыз осындай қызықты сюжет жасай алады деп ойламаппын. Қазақстан киносында мұндай әсерлі дүниені бұрын-соңды көрген емеспін. Түсірілім алаңында Берік Айтжанов, Асан Мәжит, Ерден Телемісов және Шыңғыс Қапин сынды тамаша актерлармен жұмыс істегеніме қуаныштымын. Режиссер кәсіби әрі дарынды актерларды бір алаңқайға жинай білген. Фильмде мен полицейдің образын сомдаймын, бұл туралы алдағы қыста толығырақ білетін боласыздар»,-деді Бейшеналиев.

Түсірілім уақыты екі аптаға созылған. Топ қызу жұмыс атқарды. Түсірілім алаңында жұмыс көп болғанымен, барлығы жеңіл өткен әрі достық қарым-қатынас сақталып тұрды.

«Бөлінбейтін» кинотаспасының идеясы Олжас Ахметовке тиесілі, ол жобаға драматург Дарын Тоқтаровты шақырды. Екеуі бірге таспалы киноның сценарийін жазды. Авторлардың айтуынша, олардың бір ғана мақсаты болды - аз ғана қаражатқа сапалы әрі қызықты кино түсіру.

Фильм тұсаукесері биылғы жылдың соңына қарай болмақ.

 

Превью: Илья Назаренко

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер