«Басып кiру» Австралияда көрсетіледі
«Басып кiру» деп аталатын қазақстандық лента жыл сайын Австралияның Сидней қаласында өтетін First and the Last Experimental International Film Festival 2002-2022 халықаралық фестиваліне шақырылды. Он төртінші рет өткізілгелі отырған фестиваль 24-25 қыркүйекте өтеді. flEXiff басты мақсаты 20 жыл ішінде әлемдік деңгейдегі ең батыл жас режиссерлердің 2002-2022 жылдар аралығындағы еңбектерін жинап, сақтау.
«Басып кiру» қысқа метрі көрерменді 2017 жылға алып барады. сол кезде Жерге метеориттер құлай бастайды. олардың бірімен тіршіліктің бәрін жоятын вирус бірге келеді. С одним из них прибыл вирус, уничтожающий все живое. Сол тұста «Бункерлер-2017» ашылады, мұнда вирус жұқтырып үлгермеген таңдаулылар жиналады. тағдырдың тәлкегіне ұшыраған жандар бункердегілерге қарсы соғыс ашады.

Режиссеры және сценарий авторы Мұхтар Омаровтың айтуынша, ол жер бетін вирус жайлаған жағдайда адамзаттың әрекеті қандай болады, вирус жұқтырған адамдар мен бункер тұрғындарының айқасы немен аяқталады, соны көрсетпек болған.
Фильм 2015 жылы Алматыдағы Сайран көлінің маңында түсірілді. Рөлдерде ойнағандар. Жаннұр Рашидов, Рамазан Көмекбаев, Елена Агапова, Нұрлан Дадаев, Асхат Ералиев және Тимур Әлімбай. Қоюшы-операторы - Нұрәлі Қадыров.
«Басып кiру» Short Film Category секциясында көрсетіліп, Австралия, Ұлыбритания, Исландия, Испания, Ресей, АҚШ және Франция елдерінен келген еңбектермен бірге Best Short Film марапаты үшін бақ сынайды.
бұған дейін «Жас Дидар» байқауында «Үздік визуальды эффектілер» аталымын жеңіп алған болатын, сондай-ақ Оңтүстік Кореяда Сеулдегі Green Film Festival фестивалінде де жоғары көрсеткішке қол жеткізді.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін