È

Бауыржан Досмағамбетов «Батыр» пілі туралы фильмінің түсірілімін аяқтады

Бауыржан Досмағамбетов «Батыр» пілі туралы фильмінің түсірілімін аяқтады. Қазақстан киносы

Режиссер Бауыржан Досмағамбетов «Батыр» фильмінің түсірілімін аяқтады. Кинотаспа түсірілімі Алматы мен Қарағандыда түсіріліп, бір айға жуық уақытқа созылған. Түсірілмге Мексикадан қоюшы-оператор Алехандро Чавес арнайы шақырылды.

«Батыр» картинасындағы оқиға осы күндері болған. Зерттеушілер тобы сөйлейтін піл туралы ести сала, табиғат феномені жайында толығырақ білуге ұмтылады. Фильм кейіпкерлері ерекше әрі әсерлі оқиғалардың куәсі болады. Фильм негізіне 70-90 жылдары Қарағанды зообағында өмір сүрген Батыр атты сөйлейтін піл арқау болған. Жануар қоршаған әлемдегі дыбыстарды және адам сөзін қайталайтын еді.

Режиссер Бауыржан Досмағамбетов

«Мен шынайы Батыр туралы көп естідім, бірақ ешқашан көрмеген едім. Оның хикаясы мені қатты қызықтырды, сондықтан кино түсіруді ұйғардым. Сценарий жазу барысында біздің тобымыз Батырдың көзін көрген зообақ қызметкерлерімен кездесіп, сұхбаттасты. Дегенмен, фильмде ойдан шығарылған кейіпкерлер мен оқиғалар бар, өйткені пілдің шынайы хикаясы трагедияға толы. Көрермендерді қамықтырмас үшін біз комедия элементтері бар драма түсірдік. Картинада фильмді коммерциялық бағытқа айналдыратындай экшн-көріністер, компьютерлік графикалар жоқ. «Батыр» - әр түрлі жастағы көрермендерге арналған отбасылық фильм»,-дейді Бауыржан Досмағамбетов.

«Батыр» фильмінің түсірілімінен көрініс

Зерттеушілер төрттігін Марат Әбішев, Салтанат Наурыз, Нұргүл Алпысбаева және Санұржан Сүлейменов сомдады. Басты кейіпкер Батыр пілді Алматы зообағының 21-жасар пілі Лао ойнады. Түсірілім барысына оның құрбысы Аружан да атсалысты. Сонымен қатар, таспаға Фархат Әбдірайымов түсті, ол жобаның креативті продюсері атанды және Төлепберген Байсақалов қатысты.

Фильмнің атқарушы продюсерлері - Данила Ким мен Әсел Қодарова, бас продюсерлері - Әсел Сағи және Акбар Құрманбаев.

 

Превью: Instagram-дағы @batyr_movie ресми парақшасынан алынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер